Асанәлі Әшімов: Сайлауға қатысу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз
Асанәлі Әшімов: Сайлауға қатысу – әрбіріміздің азаматтық борышымыз
453
оқылды
Қазақстанның Еңбек ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, кино және театр актері, режиссер Асанәлі Әшімов Алматы қаласындағы №382 сайлау учаскесіне  барып, өз кандидатын таңдады. Оның айтуынша, сайлауға қатысу – жалпыхалықтық мейрам деп есептейді. "Қанша сайлау болса сонша рет сайлауға қатысып келемін. Қатыспай қалған күнім болған жоқ. Жастарға да айтарым сайлауға қатысып, өзінің кандидатын сайлау қажет. Кейін жұмыс істеп жүргенде де өзінің ар-ұятының алдында жауапкершілігі болатын болады. Сонда ғана ол "толық адам" болып қалыптасады. Ал  "ой, қойшы" деп, сайлауды "анау-мынау" деп жүрген болса, ондайды "толық адам" деп есептемеймін. Бұл – әрбіріміздің азаматтық борышымыз! Сайлауға қатысу жалпыхалықтық мейрам деп есептеймін", – деді Асанәлі Әшімов.