Алматыда 102 жастағы қария сайлауда өз таңдауын жасады
Алматыда 102 жастағы қария сайлауда өз таңдауын жасады
Алматының Жетісу ауданындағы №536 сайлау учаскесі комиссиясының мүшелері «Құлагер» ықшамауданының тұрғыны, Ұлы Отан соғысының ардагері 102 жастағы Филип Губановтың үйіне арнайы келіп, қарияның өз таңдауын жасауына мүмкіндік жасады.
«Мен аштықты да, тоқтықты да көрген адаммын. Сонау сұрапыл соғысқа қатысып, Отан үшін от кештім. Тағдыр маған бейбіт өмірді, бақытты күндерді көруді бұйыртқан екен. Сол бейбіт өмірді сақтай білейік. Мен бүгін еліміздің бейбіт болашақ өмірі, бақытты күндері үшін дауыс беріп отырмын. Бұл да үлкен бақыт!», – деді ғұмыры ғасырдан асқан соғыс ардагері.