Кезектен тыс ҚР президенті сайлауының үшінші Exit poll нәтижесі жарияланды. «31» телеарнаның тапсырысымен «СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ сайлауда Exit poll жүргізді. Кезекті Exit poll нәтижесі мынадай: Қарақат Әбден – 2,84%; Нұрлан Әуесбаев – 2,38%; Жигули Дайрабаев – 3,68%; Мейрам Қажыкен – 2,62%; Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,02%; Салтанат Тұрсынбекова – 2,24 %; Бәріне қарсымын – 4,22%. Бұған дейін «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу халықаралық институты және «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты өздері жүргізген Exit poll нәтижесін жариялаған болатын.