Президент сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі белгілі болды
Президент сайлауы: Алғашқы Exit poll нәтижесі белгілі болды
895
оқылды
«Қазақстан» телерадиокорпорациясының тапсырысымен «Ашық қоғам» өңірлік зерттеу институты жүргізген Еxit poll нәтижесі бойынша, 20 қарашадағы кезектен тыс президент сайлауында дауыс бергендердің 82,45 пайызы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. «Qazaqstan» ұлттық арнасында кезектен тыс президент сайлауының алғашқы Exit poll нәтижесі жарияланды. «Ашық қоғам» өңірлік институтының өкілдері Exit poll-дың стандартты әдістемесі бойынша, сайлау учаскесіне барған сайлаушылар арасында сауалнама жүргізіп, «Сіз қай кандидатқа дауыс бердіңіз?» деген сауал қойған. Сонымен, Exit poll нәтижесі мынадай: Қасым-Жомарт Тоқаев – 82,45%; Мейрам Қажыкен – 2,23%; Жигули Дайрабаев – 3,33%; Қарақат Әбден – 2,54%; Салтанат Тұрсынбекова – 2,08%; Нұрлан Әуесбаев – 2,17%; Бәріне қарсымын – 5,12%. Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сағат 22:00-дегі жағдай бойынша, республиканың 8 299 501 азаматы бюллетень алды. Ол – тізімге енгізілген азаматтардың 69,43 пайызы деген сөз. Ал 4 өңірде сайлаушылардың 80 пайыздан астамы дауыс берген. Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлау өтті. Барлық өңірде 10 033 учаске жұмыс істеді. Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан өкілдіктері жанындағы 68 учаскенің бірнешеуі қазіргі уақытта жұмысын аяқтады. Сайлау күнінде Сан-Францискодағы сайлау учаскесі соңғы болып жұмысын бастады.