Сайлаушылардың 85,52 пайызы Тоқаевқа дауыс берді – Қоғамдық саясат институты
Сайлаушылардың 85,52 пайызы Тоқаевқа дауыс берді – Қоғамдық саясат институты
Еxit poll нәтижесіне сәйкес, 20 қарашада өткен ҚР президентін кезектен тыс сайлауда сайлаушылардың 85 пайыздан астамы кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Бұл туралы «Астана» телеарнасының тікелей эфирінен «AMANAT» партиясы жанындағы Қоғамдық саясат институты жариялады. Тоқаев Еxit poll нәтижесі келесідей: Қасым-Жомарт Тоқаевқа – 85,52%; Жигули Дайрабаевқа – 2,67%; Қарақат Әбденге – 2,61%; Мейрам Қажыкенге – 2,43%; Нұрлан Әуесбаевқа – 1,93%; Салтанат Тұрсынбековаға – 1,44% дауыс берілді. Ал сайлаушылардың 3,4%-ті бәріне қарсымын деген жауапты белгілеген.