Сот инспектор Ерлан Нұрғалиевті өлтірген, Петр Ницекті өлтіруге тырысқан үш ер адамды және бір топ заңсыз аң аулағандарды кінәлі деп таныды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қылмысты жасаған Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
[caption id="attachment_22848" align="alignnone" width="1080"] Фото: Интернеттен алынды[/caption]
Бұл іске қатысты қалған тұлғалар – Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев және Айдос Әкімов, заңсыз аң аулағаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар жазаны қауіпсіздігі орташа колонияда өтейді.
Барлық сотталғандар аң аулау құқығынан бес жылға айырылып, 20 және 30 АЕК көлемінде өтемақы төлеуге міндетті.
Сонымен қатар, сот олардан 17 ақбөкенді өлтіргені үшін өтемақы ретінде 89 миллионнан астам теңге өндіріп алуға қаулы етті.
Еске сала кетейік, былтыр Қарағанды облысы Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан. Онда 17 ақбөкенді атып, «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған.
Нәтижесінде, екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.