ОСК президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады
ОСК президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады
514
оқылды
ҚР Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауының алдын ала нәтижесін жариялады. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, қазіргі уақытта ел өңірлері мен шет елдердегі сайлау учаскелерінде дауыстарды санау аяқталды. Кеше күні бойы өзекті онлайн режимде өңірлердің жедел деректері негізінде ОСК қазақстандықтардың дауыс беруге қатысуының белгілі бір уақыттағы жағдайын хабарлап отырды. 9 брифинг өтіп, ақпарат шұғыл беріліп отырды. Осылайша ОСК төрағасының айтуынша, Қ.Тоқаевқа 6 млн 456 мың 392 сайлаушы немесе олардың 81,31%-ы дауыс берген. Екінші орында 460 484 немесе 5,8% дауыспен «бәріне қарсымын» бағаны тұр. Сонымен бірге, Жигули Дайрабаевқа – 271 641 адам немесе 3,42 пайыз, Қарақат Әбденге – 206 мың 206 немесе 2,6 пайыз, Мейрам Қажыкенге – 200 907 немесе 2,53 пайыз, Нұрлан Әуесбаевқа – 176 116 немесе 2,22 пайыз және Салтанат Тұрсынбековаға – 168 731 немесе 2,12 пайыз дауыс берілген.