Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жалпықалалық жәрмеңке өтті
Астанада бос жұмыс орындарына арналған кезекті жалпықалалық жәрмеңке өтті
127
оқылды
Астана қаласы әкімдігінің «Жастар сарайы» МКҚК ау­мағында кезекті «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Басты мақсат  – жұмыссыз азаматтарға, пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға жұмысқа орналастыру. Жәрмеңкеге 50-ден астам жұмыс беруші қатысты. Жәрмеңке жұмысына 55 жұмыс беруші қатысып, 1400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Елордалық ұйымдар арасында құрылысшыларға, инженерлерге сұраныс жоғары. Мұғалімдер де сұранысқа ие. "Мұндай жәрмеңке биыл тоғызыншы рет өтті. Бұл жолы 55 жұмыс беру­ші түрлі салада 1 400-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Қазіргі уақытта құрылыс, денсаулық сақтау, өндіріс, тамақ өндірісі саласындағы кадрларға қажеттілік бар. Соның ішінде, мүгедектігі бар адамдарға және кәмелет жасқа толғанша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жасөс­пірімдерге 7 жұмыс беруші 584 бос жұмыс орнын ұсынған бол­са, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар үшін 11 жұмыс беруші 239 бос жұмыс орнын ұсынды. Бұл ретте, денсаулық сақтау, сауда, құрылыс және өн­діріс саласында мамандар тап­шы­лығы қатты сезіліп отыр. Ең қажет етілетін мамандықтар – тәрбиеші, кассир, фармацевт, слесарь, бухгалтер, архитектор, жобалаушы инженер, көлік жүр­гізуші, сату менеджері, қаржы консультанты, несие менед­жері. Сондықтан біз бос жұмыс орындары бар жұмыс берушілерді шақырдық. Жыл соңына дейін жастар үшін тағы бір жәрмеңке өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы Бақыт Рақышева. жәрмеңке Өтініш берушілердің пікірінше, мұндай іс-шаралардың басты құндылығы бір күнде бірнеше жұмыс берушімен бір нысанның ішінде сұхбаттасу мүмкіндігі. "Егер жақсы жұмыс іздесеңіз, іздеу әдісінің барлық түрін қолдануыңыз керек, өйткені кейбір компаниялар бос жұмыс орнын интернетке жарияламайды. Сонымен қатар қойылатын талаптарды оқығанда, түсінбеген жерлері болуы мүмкін. Ал мұндай жәрмеңкелерде барлық мәліметті бірден нақтылауға болады", - деп атап өтті ізденуші Гүлжан Әбдіразақова. Жұмыс берушілерді Астана қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы өткізетін бағдарламалар қызықтырады. Олар: NEET санатындағы азаматтарды, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдерін және зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдарды жұмысқа орналастыруға бағытталған жобалар. Осы жобалар аясында мемлекет жоғарыда аталған санаттағы қызметкерлер үшін жалақының 35%-дан 50%-ға дейін төлейді. "Қаладағы бос жұмыс орындарына арналған жәрмеңкелерге үнемі қатысамыз. Біздің компания құрылыспен айналысады, тиісінше мамандарға үнемі мұқтажбыз. Сондықтан біз жұмыс тәжірибесі жоқ түлектерді қабылдауға және оларды өз бетінше оқытуға дайынбыз. Мемлекет бізге қызметкердің тағылымдамасы кезінде жалақының бір бөлігін төлеу арқылы көмектеседі", - деді "Үміт" компаниясының кадрлар бөлімінің басшысы Наталья Кагирманова. Бұл жәрмеңкеде жұмыс берушілер ұсынатын орташа жалақы 150-ден 400 мың теңгеге дейін болды. Жалпы елімізде «Халықты жұмыспен қамту орталықтары» аудандарда, облыстық маңызы бар қалаларда, Алматы және Астана шаһарларында 2011 жылы құрылған екен. Бүгінде Қа­зақстанда осындай 200 орта­лық бар. Қызметін «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңы негізінде жүзеге асыратын ме­ке­мені құрудағы негізгі мақсат – аза­маттар мен жұмыс беруші­лерге арасында дәнекер болу, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу­дің белсенді шараларын жүзеге асыру, жұмыссыздықтан әлеу­меттік қорғауды ұйымдастыру. Мұндағы барлық қызметтер те­гін ұсынылады. Орталықтарда ар­найы дайындалған қызмет­керлер жұмыс істейді және бі­рың­ғай жұмыс стандарттары қолданылады. «Бізде барлық сұрақ бойын­ша менеджердің жеке консуль­та­ция­сын алуға бо­лады. Сон­дай-ақ жұмыс беру­шілерден бос жұ­мыс орындарын тіркеудің көп арналы тәртібі қарастырыл­ған. Элек­трондық еңбек бир­жасы бар. Яки Enbek.kz сайты арқылы жұмыс іздеуге немесе қызметкер іздеуге бо­лады. Бұл екі тарапқа да тиімді. Мұнда ең ірі түйіндеме дерек­қорына және бос жұмыс орын­дары дерек­қорына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жұмыс беру­шілерге талап еті­летін дағ­дылар бойынша қыз­меткерлерді кәсіби іріктеу, жұ­мыс іздеу­шілердің жұмыс беру­шілермен кездесуін, соның ішінде жұмыс­пен қамту ор­та­лы­ғында сұхбат­тасуын ұйым­дастыру, жұмыс берушілердің тап­сырыстары бойынша әлеует­­ті жұмыскер­лерге қысқа мер­­зім­ді оқыту курс­тарын ұйым­дас­тыру қыз­ет­терін көр­сетеміз. Уа­­қытша жұ­мыс орын­дарын құру үшін мем­лекеттік субси­диялар бөлу де қарас­тырылған. Азаматтарды жұмысқа орна­ластыру мәселесінде жаңа тә­сілдемелер енгіздік. Олар – әр клиентке атаулы қарым-қаты­нас, жұмысқа орналастырудың жеке жоспарын дайындау, Элек­тронды еңбек биржасы арқылы Online режимде халықты жұ­мыспен қамту орталықтарымен түйіндемелерді алмастыру және тағы басқалар», – дейді Астана қа­ласы әкімдігінің «Халықты жұ­­мыспен қамту орталығы» КММ директоры Азамат Байтасов. Одан өзге «Жұмыспен қамту орталығы» арнайы шараларды жолға қойған. Олар – «Бос жұ­мыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастыру, жұмыс берушілер мен азаматтарды еңбек нары­ғындағы жағдай туралы хабардар етіп отыру, оқушылардың түрлі кәсіптер өкілдерімен кездесу­лерін ұйымдастыру, орталық қызметін таныстыра отырып, жұмыс берушілердің мақсатты топтарына арналған роуд-шоу ұйымдастыру және жұмыссыз азаматтарды психологиялық қолдау. Айта кетейік, жыл соңына дейін Астанада 28 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бос орындар жәрмеңкесінің мақсаты - азаматтарды жұмысқа орналастыру. Бүгінгі жалпықалалық жәрмеңкеге 400-ден астам жұмыс іздеуші қатысты.