Қырғыз байқаушылары президент сайлауына жоғары баға берді
Қырғыз байқаушылары президент сайлауына жоғары баға берді
©Радмир Фахрутдинов
213
оқылды
Қырғыз елінен келген байқаушылардың пікірінше, 20 қараша – сайлау күні Алматыда ешқандай заңбұзушылық тіркелмеген. Бұл туралы Қырғыз Республикасы ОСК жанындағы Лейлек-Сулукту аймақтық сайлау комиссиясының арнайы өкілі Әбдіуали Хамраев, оның әріптесі Қырғыз Республикасы Бішкек АСК төрағасы Бахадыр Конуров және байқаушы Тілек Шығай айтты, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. Байқаушы Тілек Шығай да әріптестерінің айтқанына қосылып, президент сайлауының нәтижелі өткенін айтты.
«Халықаралық байқаушылар және басқа да әріптес ретінде қатысып отырған елдердің арасында жоғары деңгей байқалады. Бұл – Қазақстанда сайлаудың қалай өтетінінің көрсеткіші болды деп ойлаймын», – деді ол.