Қатарда өтіп жатқан футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының екінші ойын күнінде Англия құрамасы Иранды ірі есеппен жеңді.
В тобында сынға түсетін құрама арасындағы кездесу барысында ағылшындық футболшылар тізгінді өз қолына алуға тырысты.
Англиялық команда матчтың бірінші таймында үш гол соғып тастады. 35-минутта Джуд Беллингем есеп ашты. 43-минутта Букайо Сака есепті еселеді. Араға бірнеше минут салып, Рахим Стерлинг оң жақ қанаттан асырылған допты қақпаға дәл бағыттады.
Үзілістен кейін де футболшылар гол соғуын жалғастырды. 62-минутта Сака дубль авторы атанса, үш минуттан соң Мехди Тареми есеп айырмасын қысқарта алды.
70-минутта алаңға шыққан Маркус Рэшфорд 41 секундтан кейін қанжығасын майлады. Ал матч соңына қарай Джек Грилиш те көзге түсті.
Осылайша Англия қарсыласынан 6:2 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бразилиялық төреші Рафаэл Клаус бірінші кезеңге 14, екінші кезеңге 10-минут қосымша уақыт қосты.