Құм қоян қасиеті
Құм қоян қасиеті
1,351
оқылды
Бүгінгі таңда өркениеті өрлеген әлем елдеріндегідей, Қазақстанда да аңшылық – азық табудың жолы емес. Ол жануарлар әлемінің сақталуын және дұрыс пайдалануын қамтамасыз етеді. Аңшылықтың бұл түрінің қай­наған қазаны – Оңтүстік Қа­зақстан және Шығыс Қазақ­стан облысы. Елімізде ұзын саны 600-ге жететін аңшылық ша­руа­­шылықтың 15-тен артық ны­­саны қызмет көрсетеді. Олар қан­дай аңның Қызыл кітап­қа енгені, жойылу алдында тұр­ғаны, өсімі азая бастағанын бел­гілеп, реттеп отырады. Оған қоса, әр жан­уардың аулауға бола­­тын кезеңі белгілі бір ке­зең­ге бел­гіленіп отырады. Аңшылар­дың жиі нысанына ілінетіндері бөдене, орман кептері, сақалды шіл, үйрек, қырғауыл, кекілік, ұлар. Ал сүтқоректілердің ішінде  көбіне ұстайтыны – қоян. Негізі қоянның 8 туысқа бөлі­нетін 50 түрі бар. Соның ақ қоян, құм қоян, ор қоян деген үш түрі Қазақстанда кездеседі. Қоян­­дардың ішіндегі ең кішісі – құм қоян. Дене тұрқы 38-53 см, сал­ма­ғы 1,5-2,5 келі Арқасы мен бүйірі қоңыр, сұр, ал бауыры ақ түсті. Ол Қазақстанның  Арал Қарақұмы, Қызылқұм, Мойын­құмда және Қызы­лорда, Жам­был, Түркістан, Маң­ғыстау об­лы­с­­тарындағы құм­ды жерде ме­кен­­дейді. Қызығы, қоянның бұл түрі ін қазбайды. Күндіз дема­лы­сы үшін таяз сайларды пайда­ла­­нады. Жатқанда өзінің жүні ұй­­­паланбайды. Тағы бір ар­тық­­­шылығы, бұл қоян жел ба­ғы­ты ауысқан сайын, ол да ауыс­ып тұрады. Себебі бөтен ды­­­быстарды есту үшін басын жел­ге қояды екен.   Қорегін із­деу­ге негізінен ымырт түскен кезде, түнде шығады. Ұйығуы қаңтар мен ақпанның аяғында басталады. Құм қояны – өте өсім­­тал, жылына 4 рет көбейеді, әр туғанда 3-7 көжектен табады. Кө­­жектерінің үсті қалың жүн бас­қан болып келеді. Оның дене тұр­қы – 11 см, салмағы 85-95 грамм болады. Оның үстіне, соңғы кезде қоян өсіру барынша тиімді биз­нес­ке айналды. Біріншіден, өсім­тал. Екіншіден, тез көбейеді. Оған қоса, қоян терісінен тон, қал­пақ, жаға, манто, жакет се­кілді көптеген киім тігіледі. Сондықтан Қазақстанда жылына 85 мың құм қоян терісін даяр­лай­тын болған. Әрине, ел эко­но­микасына үлес қосу маңызды. «Қолда бар алтынның қадірі бол­майды» дегендей, барымызды сақтай білейік. Барлық аңшылық әрекет, жануарларды әрдайым қорек­тен­діру, бас санағын жүргізу, қорғау, тіршілігін бақылау шаралары арнайы белгілеген ай­мақтарда ғана жүргізеді. Қа­зақ­стан аумағында аңшылық ны­сандар қатарына құстың – 59 түрі, сүтқоректінің 34 түрі кіреді екен ал...   Е.МЫРЗАБЕК, Арыс-Қарақтау қорығының жануарлар әлемін қорғау жөніндегі инспекторы