Алтай-Тарбағатай әндері шырқалды
Алтай-Тарбағатай әндері шырқалды
626
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының «Халық ән» бөлімі «Алтай-Тарбағатай әндері» атты концерт өткізді. Кештің негізгі мақсаты – «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық-мәдени құндылық­та­ры­мызды жаңғырту, қазақ даласының қасиетті де киелі мекенінен туындаған ән мен күй өнерінің өзіндік өрнектерін насихаттау.
«Дәстүрлі ән – қазақ мәдениетінің сан ғасырлық құпиясын өз қойнауында бүгіп жатқан қойма тәрізді. Соның ішінде Алтай, Тарбағатай ән­дері ойдағы және қырдағы бауырлардың сағынышынан, табиғаттың әсем келбетіне деген сүйіспеншіліктен туын­­даған. Оның ішінде салт-дәс­түріміздің, әдеп-ғұр­пы­мыздың да көрінісі бар. Жал­пы, қазақ мәдениетінің ажы­рамас бір бөлшегі», – дейді «Халық ән» бөлімінің көр­кемдік жетекшісі Секен Сыз­дық.
Орындаушылық мәнері бір бөлек, шығармашылық бітімі басқа Алтай, Тарбағатай әндерімен қоса «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі де ав­торлық шығармалар мен күй­лерді тарту етті. Көпші­лік­тің қошеметіне бөленген өнерпаздар арасында Қазақ­станның мәдениет қайраткері  Қарагөз Гасимова жетігенмен концерттің нақышын келтірсе, мәдениет саласының үздігі Шың­ғыс Мақан сыбызғыда өңірге тән әуенді ансамбльдің сүйемелдеуінде ұсынды. Сон­дай-ақ Нұрай Танабаев, Күн­сұлу Тұрлыбекова, Данияр Мұқан, Жазгүл Данылбаева, Жақсыгелді Маясаров, Ай­нұр Қонысбаева, Нұржан Мейір­хан, Алуа Қалымбекова, Айдос Оңғарбай өз өнерлері­мен  көпшілікті тамсандырып, ерекше әсерге бөледі.