Қант қат болмайды
Қант қат болмайды
431
оқылды
Премьер-Министрдің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстанда қант тапшылығы болмайды деп мәлімдеді. Қазақстан өз қантымен өзін 100 пайыз қамтамасыз ететін болады. Зауыттан келетін баға келісіне 450 теңгеден аспайды. Бұл туралы журналистердің сұра­ғына жауап берген Үкімет басшысының орынбасары айтты.
«Иә, бұл қант құрағы болады, өйткені қызылша шикі­заты бізге әлі жетпейді, бірақ сон­да да болса ол өзіміздің қант. Сондықтан да енді қант тапшы­лығы болмайды. Бұл жағдайдың себебі неде? Неге инфля­ция қазір 18,8 пайыз болып отыр? Мұндағы ең үлкен фактор қант болды. Ол 75 пайыздық өсім көрсетті. Бұл жағ­дай Ресейдің экспортты жабуына байланысты туындады. Енді әр аймаққа ӘКК арқылы басқа аймақ емес, өзін қамтамасыз ету үшін айналым қаражаты қажет», – деді Премьер-Министрдің орын­басары Серік Жұманғарин.