Жетістіктердің берік іргетасы
Жетістіктердің берік іргетасы
© фото: Радмир Фахрутдинов
516
оқылды
Мансұрхан Мансұрхан МАХАМБЕТОВ, Парламентаризм институтының директоры: – Қазақстан халқы өз таң­дауын жасады. Құбы­лып тұрған төрткүл дү­ние­ні жіті бақылап отырған да­на халқымыз сайлаудан сырт қалмай дауыс берді. Бұл бірінші кезекте үлкен – сенім! Халықтың қалауымен сайланған Қасым-Жомарт Кемелұлына артылған жауапкершілік. Ал­дағы жеті жылда халқымызды «қанаттыға қақ­тыр­май, тұмсықтыға шоқтырмай» елдің амандығын, қауіп­сіздігін сақтап, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттыруға күш салады деп сенеміз. Ре­ферен­дум мен сайлаудың бір жылда өткені еліміздің саяси белсенділігін анықтады. Осылайша ел тәуел­сіздігінің жетістіктерін одан әрі нығайту үшін берік іргетас құрылды. Жүргізіліп жатқан саяси-эконо­микалық реформалар, қоғамдық сананы жаңғырту про­цесі мен сапалы ұлттық бірегейлікті қалып­тастыру арқылы ғана мықты мемлекет құра аламыз. Сонда ғана біз бәсекеге қабілетті ұлт атанамыз. Соң­ғы жылдары әділетті мемлекет құру мәселесі маңыз­ға ие болды. Осы сайлаудан кейін еліміз орнық­ты экономикасы бар мықты мемлекет пен прогрессивті құндылықтары бар әділ қоғам құруда алға жылжуын жалғастыра береді. Мерей Мерей АҚШАЛОВ,  бокстан әлем чемпионы:

ЖАРҚЫН БЕЛЕСТЕРГЕ ЖЕТЕЛЕЙТІНІНЕ СЕНЕМІЗ

– Президент сайлауында өз таңдауын жасау әр Қа­зақстан азаматының мемлекет алдындағы бұл­жы­мас борышы. Мен де ел тарихындағы елеулі күні дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Биылғы сай­лаудың басқа сайлаулардан артықшылықтары көп болды. Айталық, тұңғыш рет Президент болуға көп кандидат белсене қатысты. Бұл еліміздегі саяси тұл­ғалардың көбейіп келе жатқанын аңғартты. Кан­ди­даттардың әрқайсысының сайлауалды бағ­дар­ламалары да әр түрлі. Бірі ауылшаруашылығына ден қойса, енді бірі әлеуметтік, қоғамдық мәселе­лерді көтеріп жатыр. Осылайша халық жанына жақын, ел болашағын сеніп тапсыра алатын кан­ди­даттарға дауыс берді. Нәтижесінде айқын басым­дықпен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Бұл – халықтың таңдауы. Мемлекет басшысы алдағы жеті жыл­да елімізді жарқын белес­терге жетелейтініне сене­міз. Себебі 2019 жыл­дан бері мемлекетімізде оң өз­герістер орнауда. Түбе­гейлі реформа жасау, ол – саяси, құқықтық, сот жүйесі, экономикалық мәселелер, сыбайлас-жем­қорлықты жеңудегі мақсат, бәрі – бір күнде ше­шілетін мәселе емес. Соңғы отыз жылда қордаланып қал­ған мәселелерді жедел, бірінен соң бірін шешіп, елімізді дамыту, жасампаздық жолына көшіру – мақсаты. Сондықтан оңай болады деп ойламаймыз. Бірақ ел, халық, ұлт болып, бірігіп Президентті қолдап, сол мақсатқа жетуге ұмтылуымыз керек. Қазбек Қазбек МАЙГЕЛДИНОВ,  cаясаттанушы:

БАЙҚАУШЫЛАРДЫҢ ДА ҚАТАРЫ АРТТЫ

– Еліміз бойынша өт­кен кезектен тыс пре­зи­дент сайлауы мәресіне жет­ті. БАҚ арқылы және өзі­міз де сайлау учаскесіне барғанда халықтың белсенділігі жоғары екеніне куә болдық. Бұл елдегі азаматтық сананың және саяси мә­дениеттің жоғарылап келе жатқанын көрсетеді. Мұны соңғы 3 жылда жасалған саяси рефор­малардың қандай да бір көрсеткіші деп қабылдауға болады. Оның үстіне, сайлауда байқаушылардың да қатары артып келеді. Себебі, байқаушылар инс­титутының елімізде кең құлаш жаюы белсенді аза­маттардың елдің саяси өміріне қатысуына деген ынтасы артқанын байқатады. Жалпы алдағы уақытта еліміздің демократияландыру жолындағы бірден-бір көрсеткіші азаматтық сананың артуы деп атап айта аламыз. Елімізде кезектен тыс пре­зидент сайлауы, бұған дейінгі жалпыұлттық ре­ферен­дум, алдағы уақытта парламент сайлауының өтуі сынды электоралдық цикл саяси рефор­ма­лар­дың іс жүзінде жүзеге асуының үлесі. Бұл мем­леке­тіміздегі саяси үрдістің қарқынды дамуына үлесін қосады. Әр азамат өзінің конституциялық құқығын қолдану арқылы, елдің саяси өміріне сайлау арқылы қатыса алады. Осылайша алдағы уақытта елдегі саяси бастамалардың тыңғылықты жүзеге асуына өз үлесін қосады. Айбек Айбек СЫДЫҚОВ,  ҚР Ұлттық музейінің директоры:

САЯСИ КӨЗҚАРАСТЫҢ АЛУАНДЫҒЫ БАЙҚАЛАДЫ

– Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы жоғары деңгейде өтті деп санаймын. Біз отбасымызбен сайлау учаскесіне барып, дауыс бердік. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қызметкерлері де сайлауға бел­сенді қатысты. Биылғы сайлаудың бірінші ерек­шелігі ретінде кандидаттар тізіміне «Бәріне қар­сымын» деген графаның қосылуын айтар едім. Бұл сайлаудың нәтижесіне әсер етпесе де, көзқарас алуандығын білдіреді, әрі саяси реформалардың елеулі көрінісі деп білемін. Саяси науқанның екін­ші ерекшелігі Мемлекет басшысының 7 жылдан тұратын бір мерзімге ғана сайлануы. Бұл өзгеріс би­лікті меншіктеп алуға тоқсауыл қойып, елдегі жаңа демократиялық реформаларға жол ашары сөз­сіз. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы сай­лаудың қорытын­ды­ларына сәйкес басымдық­қа ие болды. Қалың көп­ші­ліктің Мемлекет басшысына сенім артып дауыс беруі – осы уақытқа дейін атқарған еңбегінің айғағы, халықаралық аренадағы абыройының арқасы деп ойлаймын. Көзі ашық, көкірегі ояу азаматтар еліміздің тізгінін мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол, халықаралық саясатта беделі бар адамның ұстауын қалайды. Өз кезегінде мәдениет саласының қызметкерлері де Қасым-Жомарт Кемелұлының жүргізіп отырған саясатын қолдайтындығын және алдағы реформалардан зор үміт күтетіндігін айтқым келеді. Қуаныш Қуаныш ЖИЕНБАЙ, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері::

ЕЛДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚАЖЕТ

– Кезектен тыс өткен Пре­­зидент сайлауын Қа­зақ­­стан­ның саяси өміріндегі үл­кен оқиға деп бағалау ке­рек. Ел азаматтарының 70 пайыз­ға жуығы дауыс берді. Бұл – жақсы көрсеткіш. Алда Әділетті Қа­зақ­станды құр­ғалы жатырмыз. Халықтың оған сенімі мол еке­нін белсенділігінен байқауға болады. Сай­лау­дың алдын ала нәтижесі бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31 пайыз дауыс жинады. Бұл – үлкен жеңіс. Пре­зи­дент сайлауы елімізге оң әсер ететініне сенемін. Барша қа­зақстандықтар болып мем­­лекетімізді бас­қаруға лайық­ты Президенті­м­ізді сай­ладық. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең көп дауыс жи­на­ғанына қуа­ныштымын. Енді Мемлекет бас­шы­сы­мен бірге Әділетті Қазақстанды құруымыз үшін бел­сене атса­лысуымыз қажет.