ӘЧ-2022: Аргентинаны жеңу құрметіне Сауд Арабиясында демалыс жарияланды

аргентина

Аргентинаны жеңуіне орай Сауд Арабиясында сәрсенбі демалыс күні болып жарияланды, – деп хабарлады Arab news агенттігі.

Сауд Арабиясының королі Сальман бен Абдель Азиз Аль Сауд Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында ұлттық құраманың Аргентинаны жеңгенін тұрғындардың атап өтуі үшін сәрсенбіні демалыс деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Сауд Арабиясы С тобындағы алғашқы матчында Лионель Месси бастаған Аргентинаны күтпеген жерден 2:1 есебімен ұтып кеткен болатын. Ал осы топтаға Мексика мен Польша құрамалары 0:0 есебімен тең тарқасты.

Осылайша, Сауд Арабиясы өз тобында үш ұпаймен көш бастады. Олар 26 қараша күні Польшамен, 30-ында Мексикамен жасыл алаңға шығады.

Қатарда футболдан Әлем чемпионаты басталды!

1XBET компаниясы баталияларды бірге бақылауды ұсынады және ойыншыларға жоғары коэффициенттер, сондай-ақ кең желі ұсынуға кепілдік береді!

Өз фавориттеріңізге футбол эмоцияларының бас демеушісі 1XBET компаниясымен бірге жанкүйер болыңыз!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.