Вирджиния штатының Чесапик қаласындағы Walmart дүкенінде белгісіз біреу оқ жаудырды. Бұл туралыполициямәлімдеді, – деп хабарладыABC телекомпаниясы.
Полиция мәліметінше, қылмыскер көз жұмған болуы мүмкін. Құқық қорғау органдары бірнеше адамның қаза тапқанын және көптеген тұрғынның жараланғанын айтты. Әзірге зардап шеккендердің нақты саны туралы дерек жоқ.
Қаза тапқандар саны 10 адамнан көп емес екені хабарланды.