Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
Алматы облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты
466
оқылды
Алматы облысында жол апатынан жүргізуші мен 3 жолаушы қаза тапты.
23 қарашада сағат 15:00 шамасында "Алматы-Кеген-ТЮП" тасжолының 2-шақырымында Toyota көлігін тізгіндеген 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы қозғалыс жолағына шығып, Mitsubishi көлігімен соқтығысқан.
– Апат салдарынан оқиға орнында Toyota көлігінің жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы қаза тапты. Сонымен қатар, Mitsubishi көлігіндегі 4 азамат түрлі дене жарақаттарымен Есік қаласындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады ҚР ІІМ баспасөз қызметі.