Бұдан былай көрерменге концерттегі фонограмма туралы ескертіледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Дереккөздің жазуынша, жаңа ережені қолданыстағы Мәдениет туралы заңға енгізу жоспарланып отыр.
Мәдениет және спорт министрлігі мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Күміс Сейітова: «Жұмыс тобы құрылды. Мұнда орындаушының фонограмманы қолданатынын көрерменге хабарлау міндеті туралы сөз болып отыр. Бұл таңдау құқығы үшін жасалынады. Ереже билет бағасына міндетті түрде әсер етеді. Жеке басым фонограммамен өтетін концертке билетті қымбатқа сатып алмас едім», – деді.
Мұндай тәжірибе көп елде барын айтты. «Сонымен қатар, фонограммаға тыйым салынған кездер де болған. Бұл қызмет түрі лицензияланған да тәжірибе бар», – деді Күміс Сейітова.
Оның айтуынша, фонограмма туралы артистің барлығы хабарлауға міндетті.
«Заңнама Қазақстан аумағында қолданылады. Ереже қабылдаған жағдайда кез келген шетелдік, қазақстандық әртіс заң шеңберінде жұмыс істейді. Бұл норма әлі қабылданған жоқ, бірақ депутаттар оны қолдады. Басқа мемлекеттік органдар тарапынан наразылық болған жоқ.
Менің ойымша, фонограммамен ән айту – алдау. Концертте жанды дауыста ән айту орындаушының өзіне әлдеқайда қымбатқа шығады. Сондықтан тыйым салу әлі ерте. Бірақ ақпарат беру міндеміз», – деді ол.
Десе де, бұл мәселе әлі де талқыланады.