Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты
316
оқылды
Мемлекет басшысы Ереванда өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты. Армения Премьер-министрі Никол Пашинянның төрағалығымен өткен саммитке Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан Президенті Са­дыр Жапаров, Ресей Президенті Вла­димир Путин және Тәжікстан Прези­ден­ті Эмомали Рахмон қатысты. Мемлекет басшысы ҰҚШҰ аясындағы ын­­тымақтастықтың түрлі бағытына қа­тыс­­­ты еліміздің ұстанымын жеткізді. Ұйым­ға мүше елдер басшыларының қо­ры­­тынды кездесуі күрделі геосаяси қай­шы­лықтар мен бұрын-соңды болмаған сын-қатерлер жағдайында өтіп жатқанын айтты.
– Халықаралық істерде күшейе түскен тұрақсыздық ҰҚШҰ кеңістігін де айна­лып өткен жоқ. Біздің аймақта бүкіл Еу­ра­зия кеңістігіндегі тұрақтылыққа, қауіп­сіздікке нұқ­сан келтіретін жанжалдар әлі де жал­ға­сып жатыр. Мұндай жағдайда ашық, шы­найы, конструктивті диалогты сақ­тау жә­не дамыту өте маңызды. Бұл – күр­делі дағ­дарыстар мен қайшылықтардан шығу­дың тиімді әрі оңтайлы жолы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы ретте Президент армян-әзербай­жан қақтығысын дипломатиялық жолмен рет­теуге бағытталған шараларды қолдады.
– Армения мен Әзербайжан арасын­да­ғы қарым-қатынастың қалпына келуіне бәрі­міз де мүдделіміз. Ресей тарапының бітімгерлік әрекеттері армян-әзербайжан қақ­тығысын тек саяси-дипломатиялық жол­­мен шешуге және екі жақтың бейбіт ке­лі­­сімге қол қоюына мүмкіндік береді деп үміттенеміз, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстандағы жағдайға арнайы тоқталды.
– Бұл мемлекеттегі жағдайды реттеу жол­­дарын қарастыру – ҰҚШҰ-ның оң­түстік шекараларындағы қауіпсіздікті қам­тамасыз етудің негізгі факторларының бірі. Қазақстан осы елдің өзекті әлеу­мет­тік-экономикалық мәселелерін шешу үшін Ауғанстан басшылығымен өзара ын­ты­мақ­тастықты жалғастыруға ниетті. Біз Ауған­стан­ға гуманитарлық көмек көр­сетіп ке­ле­міз, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңіре­­гіндегі жанжалды шешудің бейбіт жол­­дарын іздеуге шақырды.
– Украина мәселесіне келер болсақ, бей­бітшілік формуласын бірлесе қарас­тыра­тын уақыт келді деп ойлаймын. Кез келген соғыс бейбіт келіссөзбен аяқтала­ды. Бітімге келудің кез келген мүмкіндігін пайдалану керек. Ыстанбұлдағы келіссөз раун­ды үміт сыйлаған еді, бірақ түрлі се­беп­термен келісім іске аспады. Ондаған, жүз­деген жылдарға созылатын өкпе-ре­ніштен бауырлас орыс және украин ха­лық­тары арасының алшақтауына жол бер­меу керек, – деді Президент.
Мемлекет басшысы ұйым аясындағы іс-әрекетті одан әрі дамытуға байланысты бір­қатар ұсыныс айтты. Соның ішінде ҰҚШҰ-ның бітімгерлік әлеуетін дамыту мә­селесін жуық арадағы басымдық ретін­де атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қоры­тын­дылай келе, армян тарапына және Никол Пашинянға ҰҚШҰ төрағасы ре­тін­­дегі табысты жұмысы үшін алғыс ай­тып, Беларусь Президенті Александр Лу­ка­шенконың 2023 жылы атқаратын төра­ғалығына сәттілік тіледі. Сессия қорытындысы бойынша бір­қа­тар құжат қабылданды. Жоспарланған ротация аясында мем­лекеттер басшылары Қазақстан өкілі Иман­ғали Тасмағамбетовті 2023 жылдың 1 қаң­тарынан бастап үш жыл мерзімге ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне тағайын­дау туралы шешім қабылдады.