Еліміздегі алты облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
22 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, Петропавлда тұман түседі.
22 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с, таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-батысында 30 м/с және одан асуы ықтимал. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.
22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болуы ықтимал. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, ал Жарма ауданында екпіні 25 м/с.
Өскемен қаласында 22 ақпанда күндіз қар жауады, бұрқасын, жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 15 м/с жетеді.
Семей қаласында да осы күні күндіз қар жауып, бұрқасындатады, жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с.
22 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оралда тұман түседі.
22 ақпанда түнде Қызылорда облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ. Солтүстік-батыстан, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
22 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.