Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты
Криштиану Роналду тағы бір рекорд орнатты
375
оқылды
Португалия құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Криштиану Роналду бес әлем чемпионатында гол соққан бірінші ойыншы атанып, рекорд жасады. Қатарда футболдан өтіп жатқан әлем чемпионатында Португалия мен Гана матчында К.Роналду гол соқты. Шабуылшы бұған дейін 2006, 2010, 2014 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарында мергендігімен көзге түскен еді. Сонымен қатар Криштиану Португалия ұлттық құрамасы сапындағы 112-інші голын соқты. Бұл жөнінен де әлемде үздік тұр. Оған қоса Еуропа біріншіліктерінде 14 гол соққан ең мерген ойыншы деген атағы тағы бар.