Сауд Арабиясында нөсер жаңбырдан 2 адам көз жұмды
Сауд Арабиясында нөсер жаңбырдан 2 адам көз жұмды
650
оқылды
Сауд Арабиясының Ұлттық метеорология орталығының мәліметінше, жауын-шашынның ең көп мөлшері теңіз жағалауындағы Джидда қаласына жақын аудандарда жауған. Жарты тәулікте шамамен 180 мм түсті, – деп хабарлады ТАСС агенттігі. Сауд Арабиясының Мекке қаласы мен оған жақын аймақтарда бейсенбі күні таңертең басталған толассыз жауын салдарынан екі адам қаза тапты. Жергілікті билік Меккені Джиддамен байланыстыратын тасжолды жабуға бұйрық берді. Бұл қалалардың әуежайларындағы көптеген рейстер тоқтатылды. Азаматтық қорғаныс қызметтері халықты ауа райы қалпына келгенше ерекше қажеттілік болмаса үйден шықпауға шақырады.