Қорықшыны өлтіргендер сот үкімінің тым қатал екенін айтып, жанжал шығарды
Қорықшыны өлтіргендер сот үкімінің тым қатал екенін айтып, жанжал шығарды
© tengrinews.kz
256
оқылды
Инспектор Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты қылмыстық істің фигуранттары сот залында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Судья үкімді жария еткеннен кейін сотталған Қайрат Ақшанов шешімнің әділетсіздігін мәлімдеді.
"Құрметті сот, бұл әділ шешім бе? Сізге қысым жасады ма? Үкім тым қатал! Іс бойынша шикі сәттер көп екенін білесіз", - деді Қайрат Ақшанов сотқа.
Ақшановтың сөзін басқалар да қолдады. Көбі жылап жіберді. Приставтар мен айдауылдар сотталғандарды тыныштандыруға тырысты және залдан шығаруға асықты. Ал судья Қайрат Қасымов өз сөзін аяқтамай залдан шығып кетті. Сотталғандардың адвокаттары үкімге шағым жасайтынын мәлімдеген. Олардың пікірінше, сот өте қатаң үкім шығарған. "Бұл процесс бастапқыдан баспасөз бен халықтың назарын өзіне аударды. Резонанс туғызды. Жәбірленуші тарап арыз берген соң, халықтың қорғаушыларға деген біржақты көзқарастары пайда болды. Сондықтан сот біздің өтінішімізді қабылдамады. Біз істе құқық бұзушылықтар көп екенін бірнеше рет мәлімдегенбіз, бірақ бізді ешкім тыңдамады. Судья прокурордың қорытындысын толығымен қолдады", - деді құқық қорғаушы Ерлан Шолахов. Айта кетейік, бүгін Қарағанды облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Судья Қайрат Қасымов үш сотталушыны өмір бойына, тағы төртеуін алты жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ, сот олардан қоршаған ортаға залал келтірілгендері үшін өтемақы ретінде 89 миллион теңге өндірді. Жәбірленушілердің азаматтық талабы ішінара қанағаттандырылды. Еске сала кетейік, былтыр Қарағанды облысы Нұра ауданына ақбөкенді аулауға шыққан. Онда 17 ақбөкенді атып, «Охотзоопром» инспекторы Ерлан Нұрғалиев пен Петр Ницыкке шабуыл жасаған. Нәтижесінде, екі қызметкер де ауыр жарақат алды. Ерлан Нұрғалиев ауруханада көз жұмды.   https://www.youtube.com/watch?time_continue=2&v=EgSHHpOJZEk&feature=emb_logo