Бауырлас елдердің бірлігі артады
Бауырлас елдердің бірлігі артады
234
оқылды
Таяуда «Отандастар қоры» мен Түркияның Шетел­дегі түріктер және бауырлас қауым­дастықтар жөніндегі басқарма арасында диас­пора саясаты саласындағы ын­тымақтастық туралы ме­морандумға қол қойылды. Меморандум аясында тарап­тар өз салалары бойынша ынты­мақ­тастық қалыптастыру мақ­сатында диаспора мәселелеріне қа­тысты тәжірибе алмасуға, бір­лесіп жұмыс істеуге келісті. Со­ны­­мен қатар қазақ және түрік хал­­қының ортақ құнды­лықтарын на­сихаттау жолында конферен­циялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер мен мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға қолдау көр­сетпек. Мәдени-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, білім беру, бұқаралық ақпарат құралдары саласында да бірлесуге ниетті. Қол қою рәсіміне «Отандастар қоры» президенті Абзал Сапар­бекұлы мен Түркияның Шетелдегі түріктер және бауырлас қауым­дас­тықтар жөніндегі басқар­ма­сының төрағасы Абдуллах Эрен қатысып, алдағы жоспарларын тал­қылады.