Жатыпатар жаңылтпаштар

Жатыпатар жаңылтпаштар

Сары қыз Қарбыз жеді. Сары қыз қарбызды Жалғыз жеді.   Нұрғали тұрған үй Тұран жақта. Тұран Нұрғали тұрған үй жақта.   Бұлбұл «Тұлпар болам!» деді. Тұлпар «Сұңқар болам!» деді. Бұлбұл тұлпар болмай, Бұлбұл болды. Тұлпар сұңқар болмай, Дүлдүл болды.   Қара бала Қарағайды аралайды. Арасы қарағайды Аралауға жарамайды.   Сары бала Арбаға мінді. Арбаға мінген Сары балаға «Сарнама!» дедік.   Атама ұнайтын Бота ма? Тайраңдайтын тайлақ па? Мінгенге жақсы Інген бе? Әлде, нар ма? «Нар жолында жүк қалмас», Нардан мықты бар ма!   Шарханның Шақшадай басы шарадай болды. Шалшыққа аунап, Қара лай болды.   Мағазды мазалама, Мағаз қағазға жаза ала ма? Мағаз қағазға жаза алмағасын, Қағаз қайық жасаған Мағазға айып таға алмайық.     Қанаттың арманын Қанағаттандыра алмадық. Қанағаттандыра алма­ғанымыз сол – Қалаға аттандыра алмадық.   Әрі-бері жүретін, Әбігерленіп үретін Арлан итім «Р-р-р» дейді. Қырық екі іріптің «Р»-дан басқасын білмейді. Қоңсы тұратын Қоңқыштың Қоңызы да жоқ, Доңызы да жоқ. Қоңыр үнді қобызы бар.   Аңғарда Аң бар. Аңысын аңдып, Ататын жан бар. Аңды аямайтын Браконьерді аңғар.     Әрі қарасам – Ала қарға. Бері қарасам – Қара қарға. Ала қарға Жарға қонды. Қара қарға Қарға қонды.   Балық аулап отыр ауыл: «Балыққа Балықшының толтыр ауын!». Балыққа емес, Балықшыға Бас салады қолтырауын.   Боран борап, Қар жауды. Ауа райы қолайсыз ба? Тыз етіп, Табаныңнан сыз өтіп, Жаурап қалма абайсызда.   Сурет салсаң, Сіндеңкіре. Әр бояумен Әрлеңкіре.   Аңғал-саңғал Шоңқорамыз қаңырап тұр. Қоңы кетіп, тоңғасын, Қоңыр қозым маңырап тұр.   Бұл – бізбіз. Шыж-быж болмай, «Сіз-біз» болып, Сызылып тұрған қызбыз.   Жоңышқаға жайылған Жорғамды, Ажырыққа әкеп, Азырақ оттаттым.   Үш-төрт бала бір-бірін Келекеледі біртүрлі. «Кімге кім күлді?» деп, Бір-біріне ұмтылды. Басы піспес баланы Етеді ме жұрт үлгі?   «Әжеме керек көзілдірік!» Деп ойладым өзім біліп. Көзілдірікке қоса Қажетті Газетті әкеп, Әжемді мәз еттім.  

Көпен ӘМІРБЕК