Павлодар облысында Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту бойынша Miras қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңесте 2022 жылғы 20 қарашада өткен Президент сайлауының қорытынды нәтижесі талқыланды. Қоғамдық кеңестің төрағасы Жарқынбек Амантай бюллетеньдерде барлығына қарсы бағанның қосылғаны еліміздің демократия жолында жасаған үлкен қадамы екенін атап өтті.
Сондай-ақ кеңес мүшелері биылғы сайлау нәтижесі сайлаушылардың учаскелерге жоғары көрсеткішпен келуімен ерекшеленгенін сөзге тиек етті. Бұл дегеніміз халықтың ел болашағына бейжай қарамай, қазіргі Президентімізге үміт артады дегенін білдіреді.
Кеңестің қорытындысы бойынша кеңес мүшілері халықпен үгіт-насихат жұмыстары кезінде жиналған Miras қоғамдық кеңесінің құзыретіне енетін талап-тілектер мен ұсыныстардың орындалуын жіті бақылауға алу қажеттілігі туралы шешім қабылдады.