Бүлдіршін өліміне дәрігердің салғырттығы кінәлі – прокурор
Бүлдіршін өліміне дәрігердің салғырттығы кінәлі – прокурор
Алматы облысында прокуратура қызметкерлері үш жасар қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.
"Тексеру қорытындысын процестік шешім қабылдау үшін Алматы облыстық Полиция Департаментіне жолдады. Кішкентай нәрестенің өліміне медициналық қызметкерлер дер кезінде және сапалы медициналық көмек көрсетпеуі себеп болған", – деді Еңбекшіқазақ ауданы прокуратурасының аға прокуроры Медғат Қабылқайыров.
Бір ай бұрын Есік қаласының тұрғыны қызымның өліміне кінәлі азаматтар жазасын алсын деп телаарнаға сұхбат берген. Оның айтуынша, дене қызуы көтеріліп барған бүлдіршінге дәрігерлер дер кезінде көмек көрсете алмаған. Тек уақытша симптомдарды басатын дәрі беріп, қайтарып жіберген. Басы дауға қалған Еңбекшіқазақ ауданы ауруханасының дәрігерлері сол кезде оқиғаға қатысты нақты жауап бере алмаған еді.
"Келгенде менен анализ алған жоқ. Науқастың медициналық кітапшасы менің қолымда, ашып қараған жоқ. Ашып оқыса қызымды аман алып қалар ма еді? Кінәсін мойындап тұр. Үндемейді. Жауабын естіп тұрсыздар", – деді Есік қаласының тұрғыны Әсел Даниярова.