Алматы іргесіндегі карьер тұрғындардың түн ұйқысын қашырды
Алматы іргесіндегі карьер тұрғындардың түн ұйқысын қашырды
312
оқылды
Еңбекшіқазақ ауданының Алматы қаласы маңына орналасқан ауыл­дарын­дағы кірпіш зауыттардың жұмысына наразылық танытып, тиісті орындарға ша­ғымды қарша боратқан тұрғындар туралы осыдан біраз бұрын жазғанбыз. Атқару­шы билік пен құқық қорғау, экологиялық органдар тиісті тексеріс жүр­гізіп, қоршаған ортаны бүлдіріп, адамдардың денсаулығына зиян келтіріп жат­­қан жар­тылай «жабайы» кәсіпорындардың жұмысына белгілі бір деңгейде шек­­теулер қойып, заңдылықтарды сақтауды талап етті. Бірақ барлығы рет­тел­­ді деу­ге әлі ерте. Пайда тауып қалғандар өз жұмыстарын түбегейлі тоқ­тат­­қан жоқ. Сол аудандағы Бөлек ауылының тұр­ғын­­дары елді мекен шетінде орналасқан ка­рьердің жұмысына шағымданып, одан еш­теңе шықпаған соң арыздарын арқалап Аста­наға баруға, Мемлекет басшысына ша­ғым­дануға мәжбүр болып отыр. Олар­дың да­былына сол маңдағы саяжайларда тұра­тындар да үн қосуда. Ауыл тұрғындарының айтуынша, олар карьерден күні-түні шығатын шаңнан және құлақ тұндырар шудан әбден запы болған. Түрлі органдарға жаңбырша жауған арыз-ша­ғымнан соң тексеріс жүргізген санитар­лық-эпидемиологиялық бақылау депар­та­мен­ті «АлсимАларкоСанайиТесиспериве Тиджарет» АҚ компаниясына айыппұл са­лыпты. Азын-аулақ айыппұлға айылын да жи­маған кәсіпорын жұмысын әлі күнге жал­ғастырып отыр. Қара жердің қойнауын кеу­леп, тасты ұнтақтап ақша тауып отыр­ған­­дарға азды-көпті айыппұл деген немене тәйірі?! Төледі, құтылды, қайтадан табыс та­буға кірісті.
«Жер қазатын, тасты уататын, та­сы­мал­дайтын ауыр техникалардың тарсыл-гүр­­сілінен күндіз де, түнде де құлақ тұнады. Жаз­ды күні терезелерді ашып қоятын­дық­тан мүлде ұйықтай алмаймыз. Күндізгі ыс­­­­тықтан соң үйдің ауасын тазартып, сал­қындатып алмақ болғанымызбен, карьер­ден шыққан шаң-тозаңға көміліп, техника­лар­дың құлақ тұндыратын тарсыл-гүрсі­лі­нен зықымыз шығады. Есік-терезелерді күн сайын сүртеміз. Қалың шаң тұтады да қа­лады. Кеніш жақтан жел соққанда шаң­ның кесірінен тыныс ала алмай қиналамыз. Қа­зіргі кезде тарсыл-гүрсіл жабық тере­зе­ден де естілетін болды. Әсіресе, отбасында кіш­кентай сәбилері барларға қиын. Бала­лар­да шаңға деген аллергия пайда бола бас­тады. Біздің биліктегілер, тиісті орын­дар­дағылар мердігерге ешқандай шара қол­дана алмай отыр. Тұрғындар арызын ес­ті­мегендей, көрмегендей кейіп таныта­ды», – дейді бөлектіктер.
Барлығы 2019 жылы басталыпты. Оған дейін жасыл желекке бөленген ауылда ты­ныш қана, таза ауамен тыныстып, тірлігін іс­теп өмір сүріп жатқан жұрттың мазасы ауыл жанында карьер ашылғаннан кейін қаш­қан. Кеніштен шығатын шаң-тозаң ай­нала ортаны барынша бүлдірген. Қазіргі кез­де ағаш-бұталар, үйлердің сырты мен есік-терезелері түгелімен шаңға көміліп тұра­ды. Бақша өсіру мүмкін болмай қалған. Же­міс-жидек пен көкөністер көктемей жа­тып солады. Жұрт жуған кірін далаға жая ал­майды. Тиісті органдарға жазған, айтқан арыз-шағымдарынан ештеңе шықпай­ты­ны­на көзі жеткендердің алды бала-ша­ға­сы­ның ертеңіне алаңдағандықтан, үйлерін ар­занға сатып, экологиясы таза, жағдайы дұ­рыс басқа аудандарға, елді мекендерге кө­шуге кіріскен. Осылайша, айдың-күн­нің аманында ауыл жанындағы заңға ба­ғын­байтын кеніштің кесірінен туған ауыл­да­рын тастап кететіндер көбейіпті. Жергі­лік­ті жұрт тек қана пайданы ойлаған кә­сіп­кер мен оның шектен шыққан әрекеттеріне тос­қауыл қоя алмайтын шенеуніктерден мүлде түңіліп отыр. Заң талаптарына сай белгіленген нор­ма­лар бойынша кеніштер тұрғынжай ай­ма­ғынан кем дегенде 1000 метр қашықтықта орналасуға тиісті. Ал Бөлек ауылының жа­нындағы карьер жеке үйлерден 100 метр жер­де жұмыс істеп тұр. Күні-түні тас уата­тын диірмен мен басқа да техникалардың тарсыл-гүрсілі мен арлы-берлі қатынаған жүк көліктерінің гүрілі адамдардың ден­сау­лығына орасан зиян келтіріп қана қоймай, ай­нала ортаны да бүлдіріп жатыр. Осындай заң­сыздыққа көз жұма қараған билік орган­дары тұрғынжай аймағының дәл қасынан өнеркәсіптік нысанның ашылуына қалай ғана рұқсат бергені түбегейлі тексеруді қа­жет етеді. Осыған орай тұрғындардың ары­зы Алматы облысының прокуратурасына да жетіпті. Қазіргі кезде бұл іспен табиғат қор­ғау прокуратурасы жұмыс істеп жатқан көрінеді.

Болат АБАҒАН, Алматы облысы