Биыл мас жүргізушілерге жаза қатайды деген еді. Сол туралы нақты ақпарат бересіздер ме?
Биыл мас жүргізушілерге жаза қатайды деген еді. Сол туралы нақты ақпарат бересіздер ме?
© Сурет ғаламтордан
203
оқылды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың нұсқауымен ҚР ҚК 345-1 бабына өзгерістер еніп, 2020 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енді. Бұл туралы ОКҚ-де өткен бри­фингте Бас прокурордың орын­басары Марат Ахметжанов мәлімдеді: «Енді заң бойынша қаннан алкоголь та­былса, онда ол бірден ауыр қыл­мыс санатына жатқызылып, татуласуға мүмкіндік берілмейді. 7 жылдан 10 жылға дейін өмір бойына бас бостандығынан айы­рылады, жүргізуші куәлігінен өмір бойына айырылады. Егер азамат белгілі бір мерзімге жүр­гі­зуші куәлігінен айырылып, кейін оны алған соң қайтадан ұсталып, көліктің рөліне мас күйінде отыр­ғаны белгілі болса, онда көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады», – деп нақтылады М.Ахметжанов.