Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетудің жаңа форматына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы төлеу (кірістерді есептеусіз) қарастырылған. Жәрдемақы мөлшері: 4 балаға – 42 496 теңге; 5 бала – 53 127 теңге; 6 бала – 63 757 теңге; 7 және одан көп балаға – 74 388 теңгені құрайтын болады.