Екібастұз ЖЭО-дағы апат: «AMANAT» партиялық бақылау комитеті көмек көрсетуге кірісті
Екібастұз ЖЭО-дағы апат: «AMANAT» партиялық бақылау комитеті көмек көрсетуге кірісті
445
оқылды
Партиялық бақылау комитетінің төрағасы, «AMANAT»-тың Мәжілістегі фракциясының мүшесі Артур Платонов Павлодар облысының Екібастұз қаласында жылу электр орталығындағы апатқа байланысты партия тарапынан қолға алынған істерді баяндады.
«27 қарашада сағат 01.20-да Екібастұз ЖЭО-да апат болып, №11 жылу қазандығы істен шықты. 01.30-да  №13,14, 15 қазандықтардың жұмысы тоқтады. Апат бойынша жедел штаб құрылды. Қазір пәтерлерде температура 18-20С, сыртта  -29С көрсетіп тұр. Қалпына келтіру жұмыстарына 138 адам мен 35 техника бірлігі жұмылдырылған. Көмек көрсету бойынша штаб құрылды. «AMANAT» партиясы азаматарға көмек көрсетуге белсенді атсалысып жатыр. Мобильді бригада құрамындағы қоғам белсенділері үй-үйді аралап, жалғыз тұратын зейнеткер, ерекше қажеттіліктері бар азаматтар, мұқтаж отбасылар туралы мәлімет жинап жатыр», – деп жазды ол.
Айтуынша, қазір  «AMANAT» партиясының облыстық филиалынан гуманитарлық көмек жөнелтіліп жатыр.
«Еріктілер штабы жұмысы бойынша жедел желі телефондары: 8-705-405-71-28, +777-79965010. Көмек көрсеткісі келетіндер партия филиалына +701-705-00-65 телефонына хабарласа алады», – деп аяқтады сөзін Артур Платонов.