Алматы полициясы «Алтын Орда» маңындағы жаңа жол айрығында рейд жүргізіп жатыр
Алматы полициясы «Алтын Орда» маңындағы жаңа жол айрығында рейд жүргізіп жатыр
483
оқылды
Алматы полициясы жаңа жол айрығында рейд жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының ақпаратына сәйкес, қазіргі кезеңде оқиға орнындағы іс-шара негізінен профилактикалық сипатта болады. – Өздеріңізге белгілі, Райымбек даңғылының бойында қаладан шыға берісте, жаңа жол айрығының салынуына байланысты, көлік қозғалысына кезең-кезеңімен реттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл аумақта жол қозғалысы ережелерін жүргізушілер де, жаяу жүргіншілер де бұзады. Жол қозғалысының қиындауын болдырмау, жол-көлік оқиғаларын азайту мақсатында бұл аймақта патрульдік полиция жасақтарының жұмысы күшейтілді. Тұрақты негізде инспекторлар қызмет етеді. Олардың бірінші кезектегі міндеттеріне профилактикалық, құқықтық түсіндіру шаралары, өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда әкімшілік шаралар қабылдау жатады, – деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ патрульдік полиция полкінің командирі Бауыржан Хантеміров.
Ал Әкімшілік полиция басқармасында жаңа жол айрығында тиісті жол белгілері орнатылып қойғанын хабарлады.
– Жақын арада “Сергек” жүйесінің бейнекамералары орнатылады, оның көмегімен аталған аумақтағы жағдайды онлайн бақылауға, қоғамдық және басқа көлік жүргізушілерінің де, жаяу жүргіншілердің де құқық бұзушылықтарын тіркеуге болады. Айтпақшы, жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындармен автобус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы бойынша жұмыстар жүргізілді, – деп хабарлады Алматының әкімшілік полициясында.