Елордада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды
Елордада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды
394
оқылды
Астанада Көктал-1 шағын ауданының тұрғындары газсыз қалды. Бұл туралы «ҚазТрансГаз Аймақ» компаниясы хабарлайды.
«Сағат 18.40-та «Газовик» ЖШС-нің құрылыс техникасы жұмыс істеп жатқан кезде Шұғыла көшесі- 24 мекенжайындағы орташа қысымды, диаметрі 225 мм болатын газ құбырына зақым келді. Бұл құбыр №14,15,16 газ тарату пунктерін табиғи газбен қамтамасыз етеді. Соның салдарынан Көктал-1 шағын ауданына газ беру толығымен тоқтап қалды. 236 абонент газсыз отыр. Газ беру аварияның салдарын жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі», - делінген компания хабарламасында.
Ұйым өкілдері аталмыш шағын аудан тұрғындарынан авариялық карандарды жауып ұстауды сұрап отыр.