Отырыстың күн тәртібін белгіледі
Отырыстың күн тәртібін белгіледі
185
оқылды
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төра­ғалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2022 жылғы 1 желтоқсанда өте­тін Сенат отырысының күн тәртібін белгіледі. Соған сәйкес алдағы Палата отырысында сена­тор­лар «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік деректер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды. «Геодезия, картография және кеңістіктік деректер туралы» туралы заң жобасы осы саладағы заңнаманы жетілдіруге, мемлекеттік саясатты үйлестіруді күшей­туге, сондай-ақ геодезиялық және картографиялық қызметті реттеудің жалпыға бірдей танылған халық­аралық қағидаттары мен тәсілдерін енгізуге бағыт­талған. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне геодезия, картография және кеңістіктік дерек­тер мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі мін­деттері Қазақстанды жоғары дәлдіктегі геодезиялық координаттар жүйесімен қамтамасыз ету және соның негізінде бірыңғай цифрлық картографиялық негіз құру. Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты коми­теттеріне бөлініп берілді.