Етікке есірткі салып өткізбек болды
Етікке есірткі салып өткізбек болды
© polisia.kz
209
оқылды
Шығыс Қазақстан облысында мекемеге сәлемдеме арқылы есірткі затын жасырып, өткізбекші болды, - деп хабарлайды Polisia.kz. Семейдегі қауіпсіздігі барынша жоғары құқық қорғау органдарында және сот жүйесінде қызмет еткен сотталғандарды ұстауға арналған ОВ-156/14 мекемесінде жеке құрамның күшейтілген қызмет атқаруы барысында сотталғанға келген сәлемдемеден есірткі заты тәркіленді. Қылмыстық кодекстің 24-3, 120-4 бабтарымен 11 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған «Т.Е.»-ге туысқаны Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынынан почта байланысы арқылы 10 келі 700 гр. болатын сәлемдемесі келді. Мекеменің тәртіп бөлімі тексеру тобының қызметкерлерімен сәлемдемені тексеру барысында сотталған «Т.Е.»-нің қатысуымен қара түсті қалың етіктің ұлтарағының астына жақсы жасырылған жасыл түсті дәрі -  ерекше өзіне тән иісі бар есірткі заты тәркіледі. Тәркіленген зат Семей қаласы Әуезов полиция бөлімшесінің жедел-тергеу тобымен тексеруге жіберілді.Жазасын өтеп жатқан жақындарының жағдайын жасаймыз деп, өздері қылмыстық жазаға тартылып жатқандары да жетерлік. Түзеу мекемесіне жақынымен жолығуға келген әр адамнан мекеменің ішкі тәртіп ережелерімен тыйым салынған заттар тәркіленген жағдайда қандай жауапқа тартылатындығы туралы ескертпе қағазға қол қойдырып алынса да, тыйым салынған заттардың легі азаяр емес.