Қазақстан мен Ресей президенті «үштік газ одағын» құру мәселесін талқылады – Руслан Желдібай
Қазақстан мен Ресей президенті «үштік газ одағын» құру мәселесін талқылады – Руслан Желдібай
Фото: t.me/bort_01
1,097
оқылды
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай көрші елдермен құрылатын үштік одақ туралы түсіндірді. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында жазды. Руслан Желдібайдың айтуынша, Мемлекет басшысының Мәскеуге жасаған сапарына қатысты бұқаралық ақпарат құралдарынан сұрақтар келіп түсіп жатыр. Осыған байланысты Кремльде өткен Қазақстан мен Ресей президенттерінің келіссөзі барысында Қазақстан мен Өзбекстан территориясы арқылы Ресей газын тасымалдау жұмыстарын үйлестіру мақсатында құрамына Ресей, Қазақстан, Өзбекстан кіретін «үштік газ одағын» құру мәселесі қарастырылғанын атап өткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин барлық тараптың мүддесін ескере отырып, осы мәселенің ұтымды шешімін табу үшін үш ел сарапшыларының қатысуымен егжей-тегжейлі келіссөз жүргізу қажет деп санайды.