Құмар ойынға карта, нарда, ойын автоматтары, рулетка, лотерея, букмекерлік кеңсе, т.б. жатады. Сондықтан лотереяның кез келген түрі үзілді-кесілді харам саналады. Оған қандай ниетпен болса да, тіпті билетті тегін алса да қатысуға болмайды. Сонымен қатар тұтынушыларға қиянат жасалмауы тиіс әрі тауарды өткізуде алдау, алаяқтық болмауы дұрыс.Жалпы, былтырға дейін заңсыз лотерея ойнатуды құқықбұзышылық жатпаған. Қазір мұндай жағдайдың жиіленуіне байланысты әкімшілік құқықбұзушылыққа жатқызу ұсынылып отыр. Зақылдаса, әуелі ұтыс ойнатқысы келетіндерге ескерту жасалады. Егер содан кейін заң бұзылса, кірістері тәркіленіп, жеке тұлғаларға – 200, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға 750 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкелмек.