Оқиға Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха ауданында болған.
Жылынбақ болып жылу құбырына кептеліп қалған адамды өтіп бара жатқан балалар байқап қалған. Олар бірден 112 қызметіне қоңырау шалып, хабар берген.
Белгілі болғандай ер адамның аяғы құбырлардың арасына қысылып қалған. Қызметкерлер күш салып, арнайы құралдардың көмегімен құбырды босатып, ер адамды шығарып алды.
https://youtu.be/ZEMGVpNxQKA