Қыз баланың асқазанынан 1 келі 200 грамм шаш шықты
Қыз баланың асқазанынан 1 келі 200 грамм шаш шықты
© сурет интернеттен алынды
540
оқылды
Таразда 13 жастағы қыз баланың асқазанынан ұзындығы 40 сантиметр, салмағы 1 келі 200 грамм тартатын шаш шықты, - деп хабарлады 24.kz. Операцияны Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасының хирургтары жасады. Дәрігерлердің айтуынша, бәрі сәтті өтті. Науқастың салмағы азайып, тәбеті жоғалып, іш құрылыстарында ауру белгілері пайда болған. Осындай шағымнан кейін дәрігерлер тексерулер жүргізіп, жедел операция жасау керек деп шешкен. Шаштың киіз болып қатып қалғанына қарағанда, баланың асқазанында біраз уақыт бойы жиналған дейді дәрігерлер. Дәл осындай жағдай облыста 5-6 жыл бұрын да болған еді. - Ата-анасының айтуы бойынша ол кішкентай кезінде шашын тістеп жүретін болған. Содан қалыптасқан әдет. Одан кейін осылай асқазанға жиналған. Баланың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Интенсивтік терапиясын реанимация бөлімінде алып жатыр, - дейді облыстық балалар ауруханасының бөлім меңгерушісі Маулім Кенжалы.