Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі болып қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы туған.

Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 1997 жылы коммерциялық құрылымдарда бастап, сол жерде 2005 жылға дейін, әртүрлі басшылық қызметтер атқарған.

2005-2007 жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған. 2007-2008 жылдары Қызылорда облысы әкімінің аппаратын басқарған.

2008-2013 жылдары Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі болып қызмет атқарған. 2013-2021 жылдары Қызылорда қаласының әкімі болған.

2021 жылғы сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі.

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 желтоқсандағы Жарлығымен Қызылорда облысының әкімі лауазымына қайта тағайындалды.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.