Қазақстанда интернетті кім өшіреді?
Қазақстанда интернетті кім өшіреді?
Сурет интернеттен алынды
283
оқылды
Соңғы аптаның ішінде интернет дұрыс істемегені белгілі. Тіпті, Telegram мен  You tube каналдары бұғатталып қалды. Кейбір жаңалықтар порталы да істемеді. Сол кезде ел арасында әлеуметтік желіні өшуіне Үкіметтің қатысы бар деген пікірлерде болды.   Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев интернет бұғатталғанына өзі басқаратын министрліктің қатысы жоқтығын жеткізді. Оның сөзінше, "интернеттің не үшін бұғатталғанын сол салаға құзыреті бар органнан сұрау керек. Ал, ақпарат және қоғамдық министрлігінің байланыс саласындағы құзыры осыдан бір жыл бұрын алынып қалған". Шынымен,  Үкіметтің 2018 жылғы 28 қазан күні шығарған қаулысы бойынша интернетті әлеуметтік, табиғи және техногендік төтенше жағдайлар кезінде бұғаттауға болады. Ондай құзырет төрт мемлекеттік орган – бас прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер министрлігі және қорғаныс министрлігіне берілген екен.