«Шұңқырға көміп кеткен»: Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
«Шұңқырға көміп кеткен»: Алматыда жоғалған ер адамның мәйіті табылды
© gov.kz
315
оқылды
Алматыда Түрксіб ауданындағы үйлердің ауласынан ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлады "Астана" арнасы. Телеарна мәліметінше, оны зорлықпен өлтіріп, шұңқырға көміп кеткен. Біраз уақыт бұрын полиция бөліміне адам жоғалғаны жайлы арыз түскен. Туыстарының айтуынша, ер адам досымен жолығам деп кетіп, бірақ үйіне оралмаған. Патрульдік полиция қызметкерлері үй аралап, тексеріс жұмыстарын жүргізіп, кейін жоғалған адамның мәйітін үй ауласынан тапқан. Күдікті де анықталған.
«Қылмыс орнында инспекторлар сол үйде тұратын күдіктіні ұстады. Күдікті кісі өлтіруді бірге ішімдік ішкеннен кейін жасаған. Алдымен ер адамдар арасында жанжал туындап, ол төбелеске ұласқан», – дейді қалалық Полиция басқармасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.