Құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
Құттықтау жеделхаттары түсіп жатыр
Қазақстан Республикасы Президенті лауазымына қай­та сайлауына орай Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттары келіп түсіп жатыр. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш өз құттық­тауын­да Мемлекет басшысына сәттілік тілеп, Қазақстан Бірік­кен Ұлттар Ұйымы мен мультилатерализмнің айны­мас әрі сенімді жақтаушысы екенін атап өтті.
«БҰҰ Қазақстанның қауіпсіздік, тұрақты даму, адам құқы­ғы мен гендерлік теңдікті ілгерілету салаларындағы жаһан­дық сын-қатерлерге қарсы бірлескен іс-қимылдарға қол­дау білдіріп, міндеттемелерін орындайтынына зор се­нім білдіреді» деп жазылған жеделхатта.
Біріккен Ұлттар Ұйымының 8-ші Бас хатшысы, Жаһан­­­­­дық жасыл өсу институтының ассамблея Төрағасы Пан Ги Мун да Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Пре­зи­­­­денті болып қайта сайлануына орай жүрекжарды тіле­гін жолдады.
«Қазақстанның өңірлік маңызы мен Сіздің көш­басшылық қасиетіңіз Жаһандық жасыл өсу институтының ай­мақтың тұрақты дамуына елеулі үлес қосуына мүм­кін­дік береді. «Жасыл» өсім перспективаларын ілгерілетіп, әлем­дік қоғамдастыққа климаттағы өзгерістер саласында көш­басшылық үлгісін көрсету және келешек ұрпаққа ғалам­шарымызды таза қалпында қалдыру үшін Сізбен бірге жұмыс істеуге ниеттіміз», – деп жазған Пан Ги Мун.
Cондай-ақ Президентті бірқатар халықаралық ұйым же­тек­шілері мен әлем елдерінің басшылары, Үкімет же­текшілері, мүшелері де құттықтады.