Ауыл халқының айтары көп
Ауыл халқының айтары көп
588
оқылды
Бүгінгі таңда республика бойынша «AMANAT» пар­тиясының 238 қоғамдық қа­былдауы жұмыс істеп тұр. Оның ішінде, 1 рес­публикалық, 20 өңірлік және 217 ау­мақтық бөлімі бар. Биылғы 11 айда партияның қоғамдық қабыл­дауына 116,5 мың адам жүгінген екен. Азаматтардың өтініші мен ұсыныстарын қарастыру нәтижесінде мәселелердің 52 пайы­зы оң шешілді, 41 пайызы бойынша түсініктемелер беріліп, 7 пайызы бақылауға алынды. Мәселен, «AMANAT» партиясының көмегімен Ақтасты ауылының бүлдіршіндері биыл 1 қыркүйекте жаңа мектепке барды. Бұған дейін Жамбыл облысының Қошқарата ауылдық округінде өткен мобильді қоғамдық қабылдау барысында Ақтасты ауылының тұр­ғындары өз ауылдарында орналасқан бас­тауыш мектептің тозығы жеткендігін, зама­науи талаптарға сай еместігін және жы­лыту жүйесі нашар екендігін, әр бөлмеде көмір ар­қылы жылитын пештер тұрғандығын жет­кіз­ген болатын. Ал енді Ақтасты ауылын­дағы жаңа мектептің бір уақыттағы сыйым­дылығы 40 оқушыны құрайды. Оқу сынып­тары заманауи талаптарға сай жабдықталған. Жаңа оқу жылында жаңа мектепке барған оқушы­лардың қуанышында шек жоқ. Ал ауыл тұр­ғындары өз ризашылықтарын біл­діріп жатыр. Мұндай мысалды көптеп келтіре беруге болады. Айталық, Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шұбарқұдық ауылының тұрғындары жаңа мектеп құрылысы қажет екенін айтып, қоғамдық қабылдауға келген еді. Партияның «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде бұл мәселені Темір аудандық мәслихатының депутаттары қарастырып, соның арқасында облыстық бюджеттен жаңа ауыл мектебін салуға қаражат бөлінді. Атырау облысы Исатай ауылының тұрғыны Балғаным Қайырлиева Респуб­ли­калық мобильді қоғамдық қабылдау бөл­месінің мүшелеріне Атырау–Астрахань трассасын жөндеу мәселесімен жүгінген. Белгілі болғандай, 3 жыл бұрын басталған жөндеу жұмыстары әр уақытта бір рет тоқтайды. Өтініш берушінің айтуынша, осы жол бойында Исатай ауданының 7 ауылдық округі орналасқан, күніне 200-300-ге жуық жүк көлігі өтеді. Нәтижесінде шаң ауаға кө­теріліп, ауыл тұрғындарына дем алу қиын. Со­нымен қатар, көлік апаттары жиі кезде­седі. Осылайша, Атырау–Астрахань тас­жолында жөндеу жұмыстары қайта жан­данды.
«Біз азаматтарды тек партияның кеңсе­сінде ғана емес, шалғайдағы ауыл аймақ­тарды аралап жүріп те қабылдаймыз. Сон­дық­тан да мұндай мобильді қоғамдық қа­был­дауларға бір реттік акция деп қарауға бол­майды. Оларды шал­ғайдағы елді мекен­дерде одан әрі жалғас­тыра беретін боламыз. Өйткені ауыл тұрғын­дарының айтары бар. Мобильді қоғамдық қабылдаулар халыққа олардың мәселелерін шешуді жеңілдету мақ­сатында енгізілген. Се­бебі ауыл тұрғын­дары партияның аудандық не­месе облыстық филиалына кез-келген уақыт­та келе алмай­ды, оларға өз сұрақтарын жет­кізу қиынырақ. Биылғы 1 наурызда «AMANAT» партиясы­ның кезектен тыс Съезінде Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарды көшпелі қабылдаулар мен шалғай елді ме­кендердің тұрғындарымен кездесулер өткізу қажеттігі туралы тапсырма берген болатын. Осылайша, біз 14 наурызда мобильді қо­ғамдық қабылдауды бастап кеттік. Жалпы, 14 наурыз бен 30 қыркүйек аралығын­да 660 мобильді қоғамдық қабылдау өткізілді, оның барысында 880 шалғайдағы ауылдық елді мекендер қамтылып, 6 689 азамат қабыл­данды. Оның ішінде 2 219 мәселе оң шешіл­генін атап өткен жөн», – деді Республикалық қоғамдық қабылдау меңгерушісінің орын­басары Азамат Біржанов.
Шалғайдағы елді мекендердегі ең өзекті мәселелер – су мен электр энергиясының болмауы. Көптеген ауылдарда «Қазсушар» ме­кемесі мен «АЭК» аудандық электр же­лісін таратушы мекеменің жұмысына ша­ғым­да­нады. Бір атап өтерлігі, 2021 жылы ауыл тұр­ғын­­дарының өтініштерінің үлесі 39,4%-ды, ағым­дағы жылы – 53,7 пайызды құрады. Осы­­лай­ша, өткен жылмен салыс­тырғанда ауыл тұр­ғын­дарының партияның қоғамдық қабыл­дауларына өтініштерінің үлесі 14,3 па­йызға ұлғайған, оның 7 пайызы мобильді қо­­ғамдық қабылдау кезінде келіп түскен өті­ніштерді құрады. Осылайша, мобильді қо­ғам­дық қа­был­дауды енгізу «AMANAT» пар­тия­сына деген сенімді нығайта отырып, шалғай­дағы ауылдық елді мекендердің тұрғын­да­рынан кері байла­нысты жақсартуға және өтініштердің өсуін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.