Қазақстанда бала туу көрсеткіші азайды
Қазақстанда бала туу көрсеткіші азайды
Фото: ult.kz
810
оқылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биыл 9 айда Қазақстанда 300 мыңға жуық сәби дүниеге келді. «ҚазАқпараттың» дерегінше, биыл 9 айда елімізде 299 711 бала өмірге келді. Бұл 2021 жылмен салыстырғанда 39 059 балаға аз. Яғни, өткен жылы 9 айда 338 770 сәби дүние есігін ашқан. Өлім-жітімге келсек, биыл 9 айда 8,18% болды. Өткен жылдың 9 айында нәресте өлімі 7,92% болған. Биыл былтырмен салыстырғанда өсті. Балалар арасында тыныс алу ағзалары аурулары, қан және қан түзу, ас қорыту жүйелері, жарақаттар, улану жиі кездеседі. Бұған дейін жол апатынан зардап шеккен балалар туралы жазған болатынбыз.