Петропавлда жол апатынан үш бала ауруханаға түсті
Петропавлда жол апатынан үш бала ауруханаға түсті
350
оқылды
 Петропавлда Панфилов көшесінде жол апаты болды. ВАЗ-2108 жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аялдамаға келіп соғылды.
Жол апаты салдарынан 43 жастағы қала тұрғыны мен 2010 және 2015 жылғы үш кәмелетке толмаған бала зардап шекті. Жедел жәрдем бригадалары әртүрлі жарақаттары бар төрт зардап шеккен адамды қаладағы медициналық мекемелерге жеткізді. Медициналық куәландыруға сәйкес, 23 жастағы ВАЗ-2108 жүргізушісі сау болған, ішімдік тұтынбаған.
"Аталған факті бойынша жиналған материалдар әрі қарай талқылау және процессуалдық шешім қабылдау үшін Петропавл қаласы Полиция басқармасының әкімшілік полиция бөліміне тапсырылды", – деді СҚО ПД баспасөз қызметі.