Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып қайта сайланды
Ермек Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып қайта сайланды
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Ақмола облысының әкімі болып қайта сайланды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. Ермек  Маржықпаев 1969 жылы Целиноград қаласында дүниеге келген. С.Сейфуллин атындағы Ақмола мемлекеттік педагогикалық институтын тарих пәнінің мұғалімі болып тәмамдаған. «Тұран» университетінде заңгер мамандығын, Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығымен бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы Астана қаласы №29 орта мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі және бокс жаттықтырушысы болып бастаған. 1992-1993 жылдары – Ақмола облысы Щучье ауданы Бурабай кентінің №7 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі. 1993-1994 жылы – «Шонай» кәсіпорнының директоры. 1994-1998 жылдары – «Береке-Бурабай» ЖШС-ның директоры. 2008-2012 жылдары – Ақмола облысы  Аршалы ауданының әкімі. 2012-2013 жылдары – Ақмола облысы  Зеренді ауданының әкімі. 2013-2014 жылдары – Ақмола облысы әкімінің орынбасары. 2014-2015 жылдары – Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2015-2019 жылдары – Ақмола облысы Көкшетау қаласының әкімі. 2019 жылдың наурызында  Ақмола облысының әкімі болып тағайындалған. 2022 жылдың 2 желтоқсанында Ақмола облысының әкімі болып қайта сайланды.