Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0, 73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 468, 98 теңге. Ұлттық банктің 2 желтоқсандағы ресми бағамы – 1 долларға 468, 45 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 469,5 теңге, сатып алу – 472 теңге. Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 468,8 теңгеден болса, сатып алу құны – 472, 05 теңге.
Ресей рублі 7,36-7, 41 теңге аралығында саудаланып жатыр.