«Халықаралық байқаушылар сайлауды дайындау және өткізу барысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің жоғары деңгейін атап өтті. Бұл сайлаушылардың кандидаттарға деген пікірі мен көзқарасын, ерік-жігерін еркін қалыптастыру үшін қолайлы жағдай жасауға оң ықпал етті. Сайлау заңды және ашық деп танылды», – деп атап өтті Вадим Мусин.Сайлау күні аманаттықтардың өздері де дауыс беру барысын бақылады. «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы Александр Зель Петропавлдың сайлау учаскелерінің бірінде бақылаушы болған.
«Қасым-Жомарт Тоқаевқа 6 млн 456 мың 393 сайлаушы немесе барлық сайлаушының 81,31 пайызы дауыс берді. Бұл көрсеткіш ел азаматтарының біздің Президентімізге прогрессивті және көреген саясаткер ретінде сенімінің жоғары екенін көрсетеді. Халық Халықтық коалицияның атынан ұсынылған кандидат ұсынған реформаларға сенеді. Дауыс беру күні адамдар саналы түрде сайлау учаскесіне келіп, аса маңызды саяси оқиғадан тыс қалмау керектігін және өз таңдауын жасаудың маңызды екенін түсінді»,– деп атап өтті Александр Зель.Кездесу соңында қатысушылар солтүстікқазақстандықтардың саяси мәдениетінің жоғары деңгейі олардың алдағы реформалар мен қайта құруларға қатысуына да әсер ететініне сенім білдірді.
Солтүстік Қазақстан облысы