«Біз үнемі кино және көркемөнер көрмелерін өткіземіз, кітапханаларымыз, музейлеріміз бен архивтеріміз жемісті өзара іс-қимыл жасап келеді. Бірқатар аралық шарт іске асырылады, әдебиет, кинематография қайраткерлері арасында достық байланыстар сақталады, театрларымыз арасында серіктестік бұдан әрі де дамиды. Беларусьтің шынайы мәдени брендіне айналған «Витебскідегі Славян базары» халықаралық өнер фестивалі көптеген талантты қазақстандық әншілерге үлкен шығармашылық өмірге жолдама берді», – деп атап өтті Дәурен Абаев.Беларусь жұртшылығы алдында халықаралық фестивальдар мен байқаулардың лауреаттары Әлішер Кәрімов, Рухия Байдукенова, Шынар Ибатова, Мархаба Сайланбек, Шынар Балтина, Жанар Дұғалова және басқалар өнер көрсетті. Шеберлік сабақтары аясында домбыра бойынша 7 дана қазақ ұлттық музыкалық аспабы тапсырылды.
«Түркі халықтары әлемге сыйға тартқан ең үлкен өнертабыстардың бірі – домбыра. Домбыра – қазақтардың басты музыкалық аспабы, бұл қазақ үшін бүкіл әлем, домбыра – қазақтың жаны. Оның шектерінің дыбысында Ұлы даланың терең философиясы жатыр. Қазіргі Қазақстанда да домбыра жоғары құрметке ие – әрбір отбасында осы музыкалық аспап төрден орын алған», – деді министр Дәурен Абаев.Сондай-ақ Минскіде Мәдениет және спорт министрі беларустік әріптесі Анатолий Маркевичпен кездесті. Әңгімелесу барысында тараптар мәдениет саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру және өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
А.ЖОЛДАС